Басты Жаңалықтар ТМД парламентаралық ассамблеясы байқаушылары келді

ТМД парламентаралық ассамблеясы байқаушылары келді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобымен кездесті. Тараптар алдағы сайлауды дайындау мен өткізуге қатысты пікір алмасты. Делегация мүшелері сайлауалды өткізіліп жатқан шараларға оң баға берді. Айта кетейік, қаңтардағы саяси науқанға 276 халықаралық байқаушы аккредиттелген болатын.  

Фариза Мұсақызы 


Бөлісу