Солтүстікте -38 градусқа дейін аяз болады
Қыс қаһарына мінді. Ертеңнен бастап екі-үш тәулік бойы еліміздің Солтүстік өңірлерінде күн күрт суытып, түнгі уақытта ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейеді. Сондықтан «Қазгидромет» орталығының мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпай, балаларды далада ойнатқан кезде жылы киіндіріп, барынша сақтану керек деп отыр.
Гүлайым Дәулетхан, инженер-синоптик:Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасының аздап көтерілуіне әкелген циклон жырасы Қазақстаннан тыс жерлерге тез ауысады. Ал оның артынан арктикалық ауа массаларымен Кар теңізі аудандарынан суық антициклон ауысады, ол 25 желтоқсаннан бастап солтүстік аймақтарда ауа температурасының түнгі уақытта 30-38 аязға дейін күрт төмендеуіне әкеледі.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22