Ұлттық арнада сайлауға қатысушы партиялар арасында теледебат өтеді
Бүгін Ұлттық арнада Мәжіліс сайлауына қатысушы партиялар арасында теледебат өтеді. Оған әр партия атынан бір үміткер қатысып, науқан алдындағы жоспарларымен бөліспек. Дәл қазір осы алаңнан Раушан Сайлауқызы тікелей байланысқа шығады.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
-Санаулы минуттардан кейін дәл осы алаңда саяси тартыс басталады.Қазір міне өздеріңіз көріп тұрғандай, ұйымдастырушылар мен техникалық топтың дайындығы қызу. Үміткер партия өкілдері де студияға келіп үлгерді. Олар арнамыздағы «Ашық алаң» бағдарламасы аясында тікелей эфирде 1 сағат бойы өз сайлауалды бағдарламаларын қорғап, қарсылас партиялармен ашық дискуссия құрады. Сондай-ақ сайлаушылар тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап береді. Жалпы, теледебат 4 бөлімнен тұрады. Бағдарламаға әр партиядан бір үміткер қатысады. Мәселен, «Қазақстан Халық партиясы» атынан Ғазиз Құлахметов, «Nur Otan» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Дәулеткерей Кәпұлы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының мүшесі Берік Дүйсенбинов, «ADAL» саяси партиясынан Мақсат Толықбай қатысады.Бұл бағдарламаға тек үміткерлер ғана емес, дауыс берушілер де белсенділік танытып, өз пікірлерін білдіруіне немесе сауал жолдауына болады.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35