Басты Жаңалықтар Ұлттық арнада сайлауға түскен партиялардың теледебаты өтеді

Ұлттық арнада сайлауға түскен партиялардың теледебаты өтеді

Бүгін Ұлттық арнада Мәжіліс сайлауына қатысушы партиялар арасында теледебат өтеді. Оған әр партия атынан бір үміткер қатысып, науқан алдындағы жоспарларымен бөліспек. 

Раушан Сайлауқызы, тілші: 
Теледебатқа дайындық қызу. Біздің әріптестеріміз қазірден бастап техникалық құрал-жабдықтарды әзірлеу үстінде.
Дәл осы алаңда сағат 20:30-да саяси тартыс басталады. Үміткер партиялардың өкілдері Ұлттық арнаның «Ашық алаң» бағдарламасы аясында тікелей эфирде 1 сағат бойы өз сайлауалды бағдарламаларын қорғап, қарсылас партиялармен ашық дискуссия құрады. Сондай-ақ сайлаушылар тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап береді. Теледебатқа әр партиядан бір үміткер қатысады. Мәселен, Қазақстан Халық партиясы атынан Ғазиз Құлахметов, «Nur Otan» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Дәулеткерей Кәпұлы, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі Берік Дүйсенбинов, «ADAL» саяси партиясынан Мақсат Толықбай қатысады.  

Теледебат бүгін 20:30-да тікелей эфирде өтетінін тағы еске салып өтейін. Бұл бағдарламаға тек үміткерлер ғана емес, дауыс берушілер де белсенділік таныта алады. Ол үшін 8 (717) 2 75 71 71, 8 707 697 62 04 нөмірлеріне хабарласа аласыздар. Өз пікірлеріңізді білдіріп, немесе сауал жолдауға мүмкіндік бар.  

Бөлісу