Еуропа елдері карантинді күшейтуде
Еуропада коронавирус қайта өршіді. Індеттің таралуына тосқауыл қою үшін қарт құрлық елдері сақтық шараларын күшейтіп жатыр. Ұлыбританияда ковид мутацияға ұшырағандықтан елдің Оңтүстік Шығысы мен Лондонда шектеулер енгізілуде. Соңғы ахуалды қарт құрлықтан байланысқа шыққан Нұрсұлу Қасым айтады.
Нұрсұлу Қасым, тілші:-Мутацияға ұшыраған ковид британдықтардан бөлек Дания, Нидерланд, Бельгия азаматтарынан да анықталды. Әрі қарай таралуына тосқауыл қою үшін Ирландия, Италия, Германия, Нидерланд пен Бельгия Ұлыбританиямен арадағы әуе, темір жол қатынасын тоқтатты. Өзге елдерді де осындай шешім қабылдауға шақырып жатыр. Себебі, британдық дәрігерлердің пайымынша, вирустың бұл түрі өте жұқпалы, әрі жылдам тарайды. Бірақ, оның адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін әзірге ешкім дөп басып айта алмай отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Еуропалық Одақ елдерінің басшыларына сақтық шараларын күшейтуді жүктеді.Мерекеге 2-10 адамнан артық жиналуға болмайды. Кешкі 22.00-ден таңғы сағат 5-ке дейін коммендантық сағат сақталады. Онан бөлек бірқатар елдерде, мәселен Италияда 24-желтоқсаннан 6-қаңтарға дейін жалпыұлттық локдаун жарияланбақ. Испания, Австрия, Словакия тұрғындарына да үйден себепсіз шығуға рұқсат жоқ. Еуропа мемлекеттерінің басшылары жаңа жылдық мерекелерде халық карантинге бағынбаса онда үшінші толқынға тап боламыз деп дабыл қағуда.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10