Онлайн диктантқа 2 мыңнан астам адам қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онлайн диктантқа 2 мыңнан астам адам қатысты

21.12.2020

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған онлайн диктантқа 2 мыңнан астам адам қатысты. Олардың 20 пайызы жақсы баға алып, түрлі бағалы сыйлықтарға ие болған. Ал қалған қатысушылардың көпшілігі орфографиялық қателер жіберген. «Сондықтан қазақ тілінің деңгейін, жастардың сауаттылығын арттыру үшін бұл жобаны жыл сайын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырамыз», - дейді ұйымдастырушылар. 

Айта кетейік, игі бастама 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылды. Оған биылғы Волонтер жылы мен қазақтың Асар дәстүрі туралы тақырып таңдалған еді.

Айсұлу Мұстапаева, ұйымдастырушы компанияның өкілі:
Бүкіл қатысушыларға біз өзіміздің рақметімізді айтамыз. Бес адам смартфон ұтып алды. 

Нұрхан Нұрланұлы

Онлайн диктант

Хабарламаларға жазылу