«Астана EXPO-2017» ұйымдастырған сырғанаққа 2 мыңнан астам адам қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана EXPO-2017» ұйымдастырған сырғанаққа 2 мыңнан астам адам қатысты

18.12.2014
«Астана EXPO-2017» ұйымдастырған сырғанаққа 2 мыңнан астам адам қатысты

Тәуелсіздік күніне орай «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы астаналықтар мен елорда қонақтарына арнап, жаппай мұзда сырғанау іс-шарасын ұйымдастырды.

Спорттық мереке қызықты оқиғаларға толы өтті және қатысушыларға жарқын көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Шараға қатысушылар «EXPO-2017» жазуының алдында суретке түсіп, «Көңілді хоккейшілер», «Пима киіп, арқан тарту», «Қаппен жүгіру» және тағы да басқа сайыстар мен эстафеталарға қатысты. Жарыстардың жеңімпаздары мен ең белсенді жанкүйерлер естелік сыйлықтармен марапатталды.

Шараға 2 мыңнан астам адам қатысты. Шара соңында мерекелік дастарқан жайылып, қатысушылар «EXPO-2017» жазуы бар үлкен торттан дәм тартты.

Хабарламаларға жазылу