Тәуелсіздік шексіз кеңістікте жұмыс істеуіме мүмкіндіктер берді - Өрден Нұрболат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік шексіз кеңістікте жұмыс істеуіме мүмкіндіктер берді - Өрден Нұрболат

20.12.2020
«Атымды атам қойған. Болашақта тек өрден көрінсін деген ырыммен Өрден деген есім беріпті. Өзім 1991 жылы Қытай Халық Республикасы, Іле-Қазақ автономдық ауданы, Күйтің деген қалада дүниеге келдім», деп бастайды әңгімесін Өрден Нұрболат есімді азаматтық авиацияда жұмыс істейтін ұшқыш жігіт.

Елге 15 жасында 2006 жылы қоныс аударған. 2010 жылы Алматы облысы Қаратал ауданы, Кәлпе орта мектебін бітіріп, Азаматтық авиация академиясына құжат тапсырады. Орыс тілін жақсы білмейтін кезі, ұлты орыс оқытушы тест тапсыратын уақытты айтады.  

Әрі қарай Өрденнің естелігін сөзбе сөз келтірсек, «Әлгі кісі бәрімізге- «приходите завтра, в половине одиннадцатого», -деген еді. Әрине, мен басқаша түсіндім, сондықтан бір сағатқа кешігіп келдім, себебі оның айтқаны 11 жарым емес, 10 жарым екен.

Сонымен бірге атасының құсбегілікпен айналысқанын, үйінде қолға үйретілген бүркіт болғанын айтады. Қанатын кеңге самғап, көкте ұзақ қалықтайтын қыран құс қиялын шыңдаған. Аспан әлеміне әуестік осылай балалық шақтан басталды, деп баяндайды.

«Тәуелсіздік шексіз кеңістікте жұмыс істеуіме шексіз мүмкіндіктер берді», дейтін Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келген Өрденнің өзін сөйлетейік, Армангүл Тоқтамұраттың материалы.


Хабарламаларға жазылу