Қостанайда 12 жастағы қыз бала сырғанақтан құлап, қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 12 жастағы қыз бала сырғанақтан құлап, қаза тапты

06.01.2017
Қостанайда 12 жастағы қыз бала сырғанақтан құлап, қаза тапты

Оқиға облыс орталығының жанындағы Затобол кентінде болған.

Сырғанаққа жеткіншек ата-анасымен бірге келген. Ол биіктен төменге сырғанап түсіп, орнынан тұра бергенде, соңынан сырғып келе жатқандар соғып кеткен. Сол сәтте қыз бала басымен мұзға құлаған.

Туыстары жедел ауруханаға жеткізгенімен, жеткіншек есін жимастан арада 12 сағат өткенде жан тапсырған.

Дәрігерлер: «Қатты соққыдан қыз баланың миына қан құйылған», - деп отыр.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу