Қазақстанда импорт үлесі төмендеді - министр
Соңғы үш жылда дайын, өңделген өнім өндірісінің едәуір өскені байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
Айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» салаларында өнім шығару көлемі 2018 жылғы 8,9 трлн теңгеден 2019 жылы 10,1 трлн теңгеге дейін өсті. Биыл өсім жалғасты. 10 айда нақты көлем индексі 104 пайызды құрады.
«Дайын, өңделген тауарлардың өсуіне байланысты импорт үлесі төмендеп жатыр. Тұтынуда қазақстандық тауарлар өндірісінің үлесі өсуде. Биыл отандық өнім өндірісінің үлесі 2,5 проценттік тармаққа өсті», - деді ол.
Министр сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жетілдіру бойынша бірқатар шаралар қабылданғанын да айта кетті. Атап айтқанда, берілетін мемлекеттік кепілдік мөлшері ұлғайтылған, ал кепілдік беру мерзімі 2 есе қысқарған. Бағдарлама мерзімі 2021 жылдың соңына дейін ұзарып, кредиттеудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге өскен.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры 509 жобаны субсидиялады. Ең көп қаржыландырылған жобалар азық-түлік өнімдерін (сүт өнімдері, ет өнімдері, макарон), құрылыс материалдары мен металл бұйымдарын, пластмасса, жиһаз және киім өндіру салаларында», - деді Дәленов.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама жасақталды
19.01.2026, 20:40
Таразда оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін
19.01.2026, 20:37
Павлодарда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа білім ошағы ашылды
19.01.2026, 20:35
Робот-хирург тізе буынын ауыстыру операциясын жасады
19.01.2026, 20:33
Жамбыл облысында шекарада мобильді инспекциялық-тексеру кешені іске қосылды
19.01.2026, 20:31
Шымкентте 75 адамның мүгедектік туралы құжаттары күмән тудырды
19.01.2026, 20:28
Суперкомпьютер не үшін қажет?
19.01.2026, 20:24
ЖИ туралы заң толық күшіне енді
19.01.2026, 20:21