Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев канадалық Парламент депутаттарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев канадалық Парламент депутаттарын қабылдады

20.01.2017
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Канада парламенті Қауымдар палатасы Сыртқы істер және халықаралық даму жөніндегі комитетінің төрағасы Роберт Нолт бастаған парламенттік делегацияны қабылдады. Төрағаның айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Канадамен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, жоғары технологиялық бірлескен өндірістерді құруға, сауда-инвестициялық байланыстарды өрістетуге баса назар аударып келеді.

Сенат төрағасы канадалық депутаттарды Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесін көруге шақырды. Екі тарап халықаралық саладағы маңызды мәселелерді талқылады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу