Қазақстандық ғалымдар қанды тазалайтын жаңа технология ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғалымдар қанды тазалайтын жаңа технология ойлап тапты

14.12.2020

Отандық ғалымдар қанды сүзгіден өткізу арқылы тазартатын жаңа технология ойлап тапты. Ол адам ағзасына түскен түрлі инфекцияларды өзіне сіңіріп алады. Ғалымдардың сөзінше, соңғы кезде бауыр мен бүйрек аурулары көбейген. Оның алдын алу мақсатында аталған технология гемосорбция тәсілімен жүргізіледі. Жаңа технологияны мамандар төрт жыл зерттеген. Жобаны Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» қаржыландырған. Жалпы сомасы 294 млн теңге. Отандық және халықаралық патенттерге ие. 

Сұлтан Тілеуханов, жоба жетекшісі, биология ғылымдарының докторы:
Сорбенттің орнында өзіміздің Қазақстанда өсетін күріштің қабығынан жасалған материал қолданылады. Ол өзі табиғи материал. Қосымша әсер ететін қасиеттері жоқ.

Қуан Нұрақын

ғылым

Хабарламаларға жазылу