Азаматтық альянс өкілдері сайлауды бақылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтық альянс өкілдері сайлауды бақылайды

10.12.2020

Алматыдағы сайлауды Азаматтық альянс мүшелері де бақылайды. Саяси науқанды қадағалайтын еріктілер арнайы дәріс алады. Қазірдің өзінде қала тұрғындарынан үш жүзге жуық өтініш келіп түскен.  

Шаћарда 600-ге жуық сайлау учаскесі құрылатын болса, солардың бес жүзден астамы ашық. Әскери нысандар мен ауруханаларда дауыс беру жабық жағдайда өтеді. Осы сайлау нысандарын бақылау мақсатында Азаматтық альянс өкілдері сайлауға дейін 1000-нан аса бақылаушыны тегін оқытпақ.  

Әділ Жүнісов, Азаматтық альянсының мүшесі: 
-Біз азаматтық, елден шыққан бақылаушылармыз. Біздің мақсатымыз, елге айтып жатырмыз сайлауды құқықты әрі ашық өткізу.   

Семинарды арнайы білікті заңгерлер жүргізеді. Әр сабақтың ұзақтығы - күніне 3-4 сағат. Бір аптаға созылады. Дәрісте байқаушылар сайлау туралы заңды егжей-тегжейлі түсініп, өз құқықтарын толық меңгеріп шығады.

Бекнұр Сейітжанұлы, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі: 
-Біріншіден бақылаушылар өздерін ұстай білу керек. Екіншіден конфликтіге бармай керек. Үшіншіден заңды жақсы білу керек. Төртіншіден әлбетте ашық болу керек.  

Үкіметтік емес ұйым өкілдері маңызды саяси науқаннан шет қалмай, белсенді қатысып, әртүрлі шаралар, «дөңгелек үстелдер» мен акциялар өткізуде. Бұл жолы да сайлаудың ашық, әділ, заң шеңберінде өтуіне ықпал ету мақсатында бар күшімізді саламыз деп отыр.   

Қуан Нұрақын


Азаматтық альянс сайлау

Хабарламаларға жазылу