Саяси партиялардың сайлауалды үгіт жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси партиялардың сайлауалды үгіт жұмыстары басталды

10.12.2020

Сайлау бюллетенінде партиялардың қандай ретпен тұратыны анықталды. Жеребе тарту ашық әрі онлайн режимде өтті. Алдымен 1-ден 5-ке дейінгі нөмірлер конверттерге салынды. Кейін әр партияның өкілі конвертті таңдап алды.Осылайша тізімде бірінші болып «Қазақстан халық партиясы» тұратын болды. Екінші нөмірде «Нұр Отан», үшінші «Ауыл», одан кейін сәйкесінше «Ақ жол» мен «Адал» партиялары орналастырылады. Жалпы сайлауға партиялардың атынан 312 үміткер мәжіліс депутаттығына ұсынылған. Оның 222-сі ер адам, 90-ы әйел. Кандидаттардың ең кішісі 25 жаста, ең үлкені 70-те.   

Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:   
-Партия мүшелерінің 30 пайызын 29 жасқа толмаған жастар мен әйелдер мен қамтуы тиіс деген талап барлық партияларда орындалды. Жарна төлеміне келер болсақ, алдыңғы сайлауда 7 пайыздан көп дауыс жинағандар сайлау жарнасынан босатылады. Ол үш партия. Ал «Ауыл» мен «Адал» партиясы ең төменгі жалақының 15 еселеннген көлемінде жарна төледі. 

Сайлауалды үгіт бүгін 18:00-де басталып, 2021жылы қаңтардың 9-ына дейін жалғасады. Партиялар конституциялық заңның арнайы талаптарын сақтауы тиіс. Егер агетация тәртібі бұзылса, партиялар айыппұл төлейді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл шараларды санитарлық талаптарды барынша сақтай отырып өткізуді ескертті. Сайлау науқаны тікелей трансляцияда жүргізілмейді. Ал дауыс берушілердің фото, аудио, видеожазба жасауына тыйым салынбайды. Бірақ, бәрі заң аясында жүргізілуі тиіс.

Раушан Сайлауқызы  


партия сайлауалды үгіт жұмыстары

Хабарламаларға жазылу