Қазақстан коронавируспен күреске 1,5 млрд еуро қарыз алады
Қазақстан коронавируспен күреске 1,5 млрд еуро қарыз алады. Сенат ел экономикасын қалпына келтіру үшін Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен қарыз алу туралы заңды қабылдады. Азия даму банкі Қазақстанға 908 млн 596 мың еуро қарыз береді. Оны ел екі кезеңге бөліп қайтарады. Алдымен 450 млн еуродан аса берешекті 10 жылға бөліп төлейді. Қалған қарызды кейінгі 5 жылда қайтарады. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен алатын 600 млн еуродан аса ақшаны да 10 жыл ішінде қайтаруы керек.
Нұрлан Қылышбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Бүгінгі қабылданған заңдар Қазақстан Республикасы үшін COVID-19 пандемиясының теріс салдарының барысын азайтуға бағытталған. Сондықтан Қазақстанға берілген қарыздар қазіргі жағдайда өте қажетті және уақытылы деп санаймын.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04