Қарағандыда шетелдік автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлаумен айналысқандар ұсталды. Күдіктілер қаланың Оңтүстік Шығыс аумағындағы аулалардың бірінде таңғы сағат 5.00 шамасында қылмыс үстінде қолға түскен. Ұсталғандардан 9 нөмір тәркіленді. Тергеу барысында олар осындай тағы 29 ұрлық ұрлық жасағанын мойындаған.
Сондай-ақ, шетелдік көлік номерлерін не үшін жымқырғандары да белгілі болды. Оны кейін қайтару үшін иелерінен ақша талап етіп отырған. Бұған дейін тұрғындардың осыған ұқсас шағымдары әлеуметтік желіде де тараған болатын.
Ерлан Файзуллин, облыстық Полиция департаментінің басшысы:
Ұсталған кезде күдіктілерден айғақ заттар ретінде 9 көлік нөмірі тәркіленді. Қолға түскендер мойындау көрсетпелерін берді. Олардың қарағанды қаласында шетелдік көліктердің нөмірін ұрлау бойынша 30-дан астам жайтқа қатысы бары анықталып отыр. Тергеу жалғасуда.
Руслан Нұрланұлы