Covid-2019: Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа түсті

10.12.2020
Covid-2019: Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа түсті

2020 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 777 адам тіркелді.  Коронавирустан болатын пневмония өткен тәулікте 159 адамға жұққан. 2 адам пневмониядан көз жұмған. 

Ауру жұқтырғандардың саны көбейген соң, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы қауіпті қызыл аймаққа түсті. Қалада бір күнде 121 адам вирус жұқтырған. 

Ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сүйенсек, қазір елімізде 13 832 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың арасында 1 004 бала бар. 230 адамның жағдайы нашар, 41 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 44 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Жалпы науқастардың арасында 230 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 41 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Хабарламаларға жазылу