Соңғы 2 апта ішінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10%-ға көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 2 апта ішінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10%-ға көбейген

09.12.2020
Соңғы 2 апта ішінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10%-ға көбейген

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Қазақстанның қазіргі эпидемиологиялық ахуалы мен халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр. 

Брифинг барысында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 10%-ға көбейгенін айтты. 

«Соңғы 2 апта ішінде COVID-19 ауру-сырқаулығы 10% (11 бастап 24 қарашаға дейін – 9 410 жағдай, 25 қарашадан бастап 8 желтоқсанға дейін – 10 802) жоғарылап отыр», - дейді Ерлан Қиясов. 

Сондай-ақ, республика көлемінде 1 556 мониторингтік топтар жұмыс істеп жатыр. 17 тамыздан 7 желтоқсанға дейін, барлығы 53 489 рейд жасаған, 215 970 объект тексерілген, 18 903 объект карантин талабын бұзғаны анықталды.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ең көп заң бұзушылықтар тіркелген өңірлерді атап өтті.

«Түркістан облысында 3 279 заң бұзу фактісі, Алматыда 3 121 факт,  Қостанай облысында 1758 факт, ШҚО-да 1 598 факт, Алматы қаласында 1 584 факт, Нұр-Сұлтанда 1 341 факт тіркелді. Жалпы сомасы 1,3 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынды», - дейді Қиясов.


Қазақстан коронавирус Орталық коммуникациялар қызметі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов

Хабарламаларға жазылу