Отандық авиация саласы 357 млрд теңге шығынға батқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық авиация саласы 357 млрд теңге шығынға батқан

07.12.2020

Пандемияның кесірінен отандық авиация саласы 357 млрд теңгедей шығынға батқан. Азаматтық авиация комитетінің дерегі осындай. Айтуларынша он айда ұшақтарымыз небәрі төрт жарым миллион адамды тасымалдаған. Бұл былтырмен салыстырғанда шамамен 40 пайызға аз.

IATA қауымдастығы авиация саласы дағдарысқа дейінгі көрсеткішке 2023 жылы бірақ оралады деп болжап отыр. Ал отандық әуе компаниялары мен әуежайлар банкрот болмау үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Әрі ішкі рейстер қайта жанданып, халықаралық 12 рейс ашылған. Оны арттыру-арттырмау эпидахуалға байланысты. Сондай-ақ елімізде жыл басынан бері 6 әуе компаниясының жұмысы тоқтатылған. Өйткені тексеріс жүргізген инспекторлар ұшақтардың техникалық талаптарға сай келмейтінін анықтап, сертификаттарын қайтарып алған.  

Досжан Маратұлы  


авиация шығын

Хабарламаларға жазылу