Жаңа қаулы: Аяғы ауыр әйелдер босанар кезде жақынын палатаға кіргізе алады

07.12.2020

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Енді авиа, теміржол, теңіз, өзен және автожолдар арқылы келген азаматтарға тексеріс тағы да күшейтілмек. Мерзімі 3 күннен аспайтын ПТР анықтамасынан бөлек, термометриядан тексеруден өтіп, сауалнама толтырады. COVID-19 cимптомдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Арнайы қолхат жазады. Сондай-ақ, аяғы ауыр әйелдердің босануы кезінде жақынын кіргізуге рұқсат берілді. Тек оның мерзімі 3 күннен аспаған ПТР анықтамасы болуы керек. Қаулы 8 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. 

Ақниет Балтанова 


қаулы бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов ПТР анықтама

Хабарламаларға жазылу