Шығыста Жаңа жыл мерекесін қай кезде қарсы алады ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыста Жаңа жыл мерекесін қай кезде қарсы алады ?

01.01.2016
Шығыста Жаңа жыл мерекесін қай кезде қарсы алады ?

Мысалы жапондықтар Жаңа жыл мерекесін 1-ақпан күні қарсы алады. Бұл күні жапондықтар бүкіл ел болып, таң ата көшеге шығып, таңды қарсы алады. Күннің сәулесі жерге тие салысымен олар күліп-ойнап, бір-бірін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар бере бастайды. Ал, мерекелік кешкі асты жапондықтар отбасында ішкенді дұрыс көреді. Бәле-жаланың барлығы үйге еніп кетпесін деген ниетпен олар есіктеріне өсімдіктердің сабақтарынан жасалған сыпырғыштарды іліп қояды.  

Вьетнам елінде Жаңа жылды түн ішінде қарсы алады. Кешкісі олар көшеде, саябақта немесе бақшаларында үлкен алау жағып, оның жанына бірнеше отбасының мүшелері жиналады. Алаудың қызуына күріштен жасалған ерекше тағам дайындалады. Жаңажылдық кеш вьетнамдықтар үшін араздасқандармен достасу, барлық өкпе-реніштерді кешіру шарасы болып есептеледі. Жаңа жыл олар үшін достық ниетті қалыптастырушы мереке. Вьетнамдықтардың сенімдерінше, бұл күні отбасының барлық мүшелері өз үйлерінде болулары керек. Олар осы күні үйге келген алғашқы қонақ арқылы жылдың сәтті, қаралы немесе жай ғана жайсыз болатынын анықтайды екен.

Тибетте Жаңа жыл мерекесі Лозар деп аталады. Онда Жаңа жыл мерекесі әрдайым жаңа санға келіп тұрады. Өйткені, тибеттіктер Жаңа жылды ай күнтізбесі бойынша атап өтеді. Бұл күн әдетте қаңтардың немесе ақпанның басына келеді. Тибеттіктер Жаңа жылдың екі күніне басты назар аударады және ол күндер Гутор деп аталады. Оның бірінші күні міндетті түрде баспанасының тазалағына арналады. Әсіресе ас үйді ерекше тазалау қажет. Өйткені буддистер ас үйдің баспанасының ең басты бөлігі санайды.  

Шри-Ланкада Жаңа жылды 13-14 сәуірде қарсы алады.  Тибеттегідей Шри-Ланка тұрғындары да үйлеріне тазалық жұмыстарын жүргізеді. Олар үйден шығарылатын қоқсықтармен бірге өтіп бара жатқан жылы болған жамандықтар да шығып кетеді деген сенімде. Жылдың соңғы күнінде тұрғындар мүлдем тамақ ішпейді және үйлерінде жарық жақпайды. Сағат 24-00-ден кейін күріштен дайындалған сорпадан дәм татуға болады. Оны міндетті түрде отбасының иесі дайындауы керек.     

Қытайлықтар болса, Жаңа жылды қарсы алу кезінде айналаның барлығын жарықтандырып, отшашуларды бірінен-соң бірін  ұйымдастырады. Бұны олар өз өмірлерінен бәле-жалалар мен зиянды күштерді қуып шыу үшін істейді. Бұл елде Жаңа жылды тек отбасы, ошақ қасында қарсы алады. Әдетте, бұл мереке тұсында қытайлықтардың дастарханы түшпараға толы болады. 

Хабарламаларға жазылу