Бурабайда 28 жастағы жігіт 70 жастағы әжені қосқанда, 4 әйелді қинап өлтірген
Бурабай кентінде 28 жастағы ер адам 4 әйелді қинап өлтірді. Қанды оқиға өткен сенбі күні түнде көпқабатты үйлердің бірінде болған. Полицияға күдіктінің өзі хабарласып, ауыр қылмыс жасағанын мойындаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 4 әйелдің денесін тапты. Ішімдікке тойып алған күдікті полицейлерді сол пәтерде күткен. Көз жұмғандардың бірі 70 жастағы пәтер иесі, сондай-ақ, оның 41 жасар қызы мен 2 көршісі бар. Қылмыстың себебі, қалай болғаны жарияланбай отыр.
Гүлнәр Пинчук Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:Бұл қылмыс бойынша Бурабай кентінің 28 жасар тұрғыны ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған. Қылмыстық кодекстің 99-ыншы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан өзге ақпарат әзірше жарияланбайды.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02