Қазақстанның мемлекеттік шекараны бекіту процесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның мемлекеттік шекараны бекіту процесі

06.12.2020

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 29 жыл бұрынғы Орал оқиғасын еске түсірдік. Жыл басында Совет одағының казактары Урал автономды облысын құру туралы сепаратистік идеясын ашық айта бастады, ал күзде патшаға қызмет еткендеріне 400 жыл толуын желеулетіп, қазақтардың қарсы екенін біле тұра, Орал қаласына жиналды. Дегенмен қазақ жігіттері тоқтатты. Орал өзінің Алаштың ордасы екенін кезекті рет дәлелдеді. Совет одағы оның биік рухын сындыра алмаған.

Алғашқы дипломаттардың бірі Сайлау Батырша-ұлы айтады: Бізге өте қиын болды. Ол уақытта біз егемен ел емеспіз, әскеріміз жоқ, не істейміз? Ресми өкіметтің рұқсатымен қоғамдық ұйымдарға шығып: «Жігіттер, қолдаңдар! Мына жақтан біздің территориямызды басқалы жатыр» дедік. Сонда бүкіл Қазақстаннан эшелон-эшелонмен, лек-легімен адамдар жібердік, деп. Бұл тәуелсіздік алатын жылғы оқиға, сепаратистік әрекетке талпынушылық одан кейін де болды. Мемлекетті құру, оның бір өте маңызды тармағы - мемлекеттік шекараны бекіту қандай күрделі процесс болғанын бағамдауға бір мысал. Альбина Әшім жалғастырады.


1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні

Хабарламаларға жазылу