Вирустан қалай сақтанған жөн - дәрігер кеңесі
Мамандар коронавирустың алдын алу үшін профилактикалық шараларды мейлінше қатаң сақтауға шақырады. Алыс сапарға шықпай, көпшілік орындарға бармауға кеңес береді. Сондай-ақ қолды жиі жуып, әрдайым бетперде таққан жөн. Дәрігерлер иммунитетті көтеру үшін қандай дәрумендер қажет екеніне де тоқталды.
Құралай Мырамытова, инфекционист дәрігер:Медициналық бірреттік бетперделерді 2 сағат сайын ауыстырып отыру. Көп реттік бетперделерді жуып отыру, үтіктеу. Соңғы зерттеулерге қарағанда қолдан тігілген бетперделердің эффектісі өте аз деп саналады. Қазір кейбір кісілер бетпердеге антисептик сеуіп алып жатады. Ол жүрек ақаулары бар, аллергиясы бар адамдарға зиян.
Наталья Дмитриева, инфекционист дәрігер:65 жастан асқан кісілерге, созылмалы ауруы бар адамдарға бұл індет өте қауіпті. Сондықтан мейлінше сақтану керек. Ал балалардың бет-ауызын жиі жуып, тамағы мен мұрнын арнайы ертіндімен шайып отырсаңыз артықтық етпейді. Жеміс-жидекті, С дәруменін күнделікті ас мәзіріне қосыңыздар. Әсіресе цитрустық жемістер пайдалырақ.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22