Ақмола облысындағы карантин тәртібі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы карантин тәртібі өзгерді

04.12.2020
Ақмола облысындағы карантин тәртібі өзгерді

Ақмола облысында карантинді күшейту туралы аймақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізілді.

Құжатқа сәйкес азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алу, тұрғындарға (әсіресе 65 жастан асқан адамдарға) сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін себепсіз үйден шықпауға кеңес берілді.

Санитарлық бекеттерден (жол парақтарын, жұмыс нарядтарын, жоспар–тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, редакциялық тапсырмаларды, сондай-ақ жеке куәліктерін көрсеткен кезде) мына тұлғаларға кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етіледі: 

- медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар; 

- транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары; 

- вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көлік құралдары;  

- COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларына тартылған көлік пен адамдар, ұйымдар; -тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметкерлері (оның ішінде жабдықтарды баптау бойынша сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіпорындар); 

- «SSTOPCORONA.KZ сайтында тіркелген, ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 30 тәуліктен аспаған анықтама болған жағдайда Ақмола облысында тұрмайтын адамдар, тамақ өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, көлік пен адамдар; 

- осы елдімекенде тіркелген жағдайда, тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін Көкшетау және Степногор қалаларының тұрғындары; 

- COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 5 тәуліктен аспаған анықтама немесе хаттама болған жағдайда облыстық медициналық шақыру комиссиясына баратын/оралатын жергілікті әскери басқару органдарының көлігі мен қызметкерлері (іссапар куәлігі немесе іссапарға жіберу туралы бұйрық болған кезде), олармен бірге жүретін әскерге шақырылушылар; 

- аумақтық сайлау комиссияларының өкілдеріне қызметтік куәлігін көрсеткен кезде (жүргізуші ретінде бірге жүретін адамға рұқсат етіледі); 

- жұмыс орнын көрсете отырып, «SSTOPCORONA.KZ сайтында тіркелген жағдайда туризм объектілерінің, жол бойы сервисінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы іс-шараларына, құрылыс жұмыстарына тартылған көлік пен қызметкерлер.

Сондай-ақ аумағы 500 шаршы метрден кем (жеке тұрған) азық-түлік емес дүкендердің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:30-ға дейін шектеледі. Ал келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, алаңы 500 шаршы метрден кем сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметі жұмыс, демалыс күндері сағат 10:00-ден 20.30-ге дейін шектеледі.


Ақмола карантин қаулы

Хабарламаларға жазылу