Ресейде шошқа обасының шығуына қатысты елде сақтық шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде шошқа обасының шығуына қатысты елде сақтық шаралары күшейтілді

03.12.2020

Ресейдің Омбы облысында шошқаның африкалық обасының таралуына байланысты елімізде сақтық шаралары күшейтілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті шошқа мен жабайы қабандарды, олардың етін, өнімдері мен жемазығына дейін ел аумағына әкелуге тыйым салды.

Шекара маңындағы ауылдарда ветеринарлық-санитарлық талаптарды күшейту туралы жергілікті инспекцияларға тапсырма берілді. Омбы облысымен көршілес Солтүстік Қазақстандағы шошқа шаруашылықтарының иелері індет бізге де тарай ма деген үрей құшағында отыр.  

Сағындық Сәбитұлы


Ресей шошқа обасы Омбы облысы

Хабарламаларға жазылу