Маңғыстауда газға қатысты мәселені шешуге әкімдік жауапты

03.12.2020

Маңғыстауда сұйылтылған газдың жүйелі үлестірілмеуіне жергілікті билік жауапты. Облыстың қажеттілігі толық көлемде өтелген. Айына 19 мың тонна бөлінеді. Энергетика министрлігінің мәліметі осылай. Жаңаөзендегі «ҚазақГазӨңдеу», Атырау мұнай өңдеу зауыты мен «Теңізшевройлдың» өнімдері сұраныстан тыс қалады. Ал өңірде туындаған мәселелерді шешу бойынша әкімдерге тиісті өкілеттік берілген. Мәселені кеше Ұлттық арна көтерген болатын. 300-ге жуық газ құю бекеті жабылудың алдында тұрғаны айтылды.  

Зияш Қияқбаев, ҚР Энергетика министрлігі газ және мұнай-газ-химия департаментінің директоры: 
-Министрлік облысқа сұйытылған газ көлемін бөледі, содан кейін әкімдіктер оларды газ желісі ұйымдары арасында бөледі. Бұған қоса, жанармай құю станцияларының иелері сұйытылған газды өндірушілерден делдалдарсыз, яғни электронды сауда алаңдары арқылы тікелей сатып алуға құқылы. 

Ал, өткен аптада, Талдықорғандағы газ баллоны жарылысынан жарақат алып, ауруханаға түскен тағы бір адам көз жұмды. 48 жастағы әйелдің денесінің 82 пайызын күйік шалған. Марқұм осыдан үш күн бұрын ауруханада қайтыс болған 14 жасар баланың анасы болатын. Тұрғын үйдегі газ жарылысынан барлығы 8 адам зардап шеккен еді, қалған алтауы қазір ем алып жатыр.

Нысаналы Ығыл


Маңғыстау газ

Хабарламаларға жазылу