«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы мерзімінен кешігуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы мерзімінен кешігуде

28.08.2019

Нұр-Сұлтан қаласына газ құбыры желісін тартуға бөлінген қаржының бірде-бір тиыны игерілмеген. Ал «Сарыарқа» газ магистралі жыл соңында дейін қалаға жетеді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің алқа отырысында айтылды. Магистральды газ құбыры қазір Қарағанды маңындағы Шахтинск қаласына дейін тартылған. Алайда қабылданған жол картасына сай қала ішіне таратуға қала әкімдігі жауапты.

Құжатқа сәйкес биыл көктемде қала ішіне, оның ішінде екі бірдей жылу электр орталығына көгілдір отын тарататын кешеннің құрылысы басталуы керек еді. Алайда құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін басталмаған, оған бөлінген 2,7 миллиард теңге игерілмеген. Министр «Сарыарқа» жобасына салғырт қараған әкімдік қызметкерлерін жаупкершілікке тартып, жаңа жол картасын жасақтауды тапсырды. Ал қала әкімінің орынбасары келесі жылы жылыту маусымына дейін бірнеше қазандық газға көшіріледі деп отыр. Белгілісі жылыту орталықтары газға көшкен соң тариф өзгереді.

Ермек Қизатов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

Құрылысшылар жыл соңында жұмысты бастайды. Тариф өзгеруі мүмкін.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу