Маңғыстауда 200-ге жуық жұмысшы үш айдан бері жалақы алмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 200-ге жуық жұмысшы үш айдан бері жалақы алмаған

03.12.2020

Маңғыстауда логистикалық мекеменің 200-ге жуық жұмысшысы үш айдан бері жалақы алмаған. Басты себеп - тапсырыс беруші «Емір ойл» компаниясы көрсетілген қызмет үшін тиісті қаражатты төлемеген. Олардың қарызы 350 млн теңгеге жуықтады дейді тығырыққа тірелген серіктестік басшысы. Логистикалық тасымалмен және арнайы техниканы жалға берумен айналысатын мекеме 3 жылдан бері «Емір ойлдың» мұнайын тасып келеді. Арнайы техникасын да жалға берген. Алайда, осы қызмет үшін жыл басынан бері ақы төлемеген.  

  Мұхит Мұхамедқалиев, жұмысшы: 
-Қыркүйек айынан бері айлық алған жоқпыз. Кредитіміз бар, одан басқа 2 студент балам бар.   
Ивайло Тодоров, «MKS Logistics» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры: 
-Біз «Емір ойл» компаниясы жұмыстарының бәрін толық орындатып, тиісті ақымызды төлемеді. Қазір түрлі сылтаулар айтып, мүлдем басқа компанияны жалдай бастады. Мәселені тездетіп шешпесе болмайды. Осының салдарынан біз техникаларымызды сатуға шығардық. Жұмысшылардың өзіне ғана 20 млн теңге қарызымыз бар. 

Осы мәселеге қатысты «Емір ойл» компаниясының басшылығы сұхбат беруден бас тартты.

Аягөз Оралбайқызы                                                           


Маңғыстау жұмысшы жалақы

Хабарламаларға жазылу