Шағын және орта бизнес нысандарын негізсіз тексеруге тосқауыл қою керек

03.12.2020

Қарағанды облысында мобильді топтар шағын және орта бизнеске негізсіз тексерулер жүргізген. Тіпті бір бизнес нысанына бір айда 18 рет тексеріс болған жайттар кездескен. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Қарағандыда өткен жиынында партия төрағасы Азат Перуашев осыған қатысты шара қолдануды сұрады. Сондай-ақ, жиында пандемия кезінде кәсіпкерлік салаға кедергі келтіретін өзге де түйткілдер мен мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау талқыланды.  

Азат Перуашев, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
-Премьер-Министрге жазған сауалымда осы бизнес қауымдастығы атынан осы локдаунды жасамауды сұрадық. Олай болса мына бизнесті жаппауды сұрадық. Бизнес қайтадан жабылса оны ашу қиын болады. Себебі бизнес саласының халі мүшкіл. Оны жапқаннан көрі біз реттеуіміз керек.

Руслан Нұрланұлы 


Шағын және орта бизнес мобильді топ «Ақ жол» демократиялық партиясы Азат Перуашев

Хабарламаларға жазылу