Көкшетаудағы санитарлық бекеттердің орны ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаудағы санитарлық бекеттердің орны ауысты

03.12.2020

Көкшетаудағы санитарлық бекеттердің орны ауыстырылды. Себебі бұған дейін оларды айналып өтіп, қалаға кіріп-шығуға мүмкіндік беретін айналма жолдар болған. Сонымен қатар Бірлік шағын ауданының тұрғындары күнде бекеттен өтуге мәжбүр еді. Сондықтан бірнеше санитарлық бекет қаладан алыстатылды. Ал Көкшетауға жақын елді мекендердің тұрғындарына санитарлық бекеттерден өту жеңілдетілді. Өйткені көбі қалада жұмыс істейді. Олар арнайы ақпараттар базасына тіркелсе жеткілікті. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері еш құжатсыз, кедергісіз бекеттерден өткіземін деген хабарландыруларды тексеруді қолға алды. Мұндай жазбалар жолаушылар тасымалына арналған мобильдік қосымшаларда көп кездеседі.

Ризахмет Жанбеков, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары:
Қазіргі уақытта көлік инспекциясы көлік прокуратурасымен бірігіп, азаматтарды анықтау үшін осындай жұмыс өткізіліп жатыр. Айналып өтеміз деген азаматтар бар, автокөлікпен, бүгінгі уақытта 10 азамат ұсталды.  

Ермек Елберген   

Хабарламаларға жазылу