Елордада газ баллоны жарылып, тамақтану орны өртенді
Нұр-Сұлтанда тағы да газ баллоны жарылып, соның салдарынан тамақтану орнында өрт шықты. Оқыс оқиға Байтұрсынов көшесі бойындағы құрылыс алаңында орын алды. Абырой болғанда, адамдар аман. Өртенген контейнер құрылысшылар күнделікті тамақ ішіп жүрген орын болып шықты. Тілсіз жау жалпы аумағы 150 шаршы метр болатын алаңды түгел шарпыған. Тіпті жанында тұрған ағаштар да өртке орынды. Өрт сөндірушілер контейнерден төрт бірдей газ баллонын алып шыққан. Қазір арнайы құрылған комиссия өрттің шығу себебін анықтау үстінде.
Еркін Отарғалымұлы, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқарма бастығы:Өрт сөндіру барысында газ баллоны жарылды. Өрттің шығуына байланысты өрт зертханасы бойынша, бірнеше себептер қарастырылды. Біріншісі - қысқа тұйықталу. Екіншісі - қасақана от қою.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02