Алматылықтар да Наурыз мерекесін сән-салтанатымен атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар да Наурыз мерекесін сән-салтанатымен атап өтті

22.03.2017

Осыдан тура 29 жыл бұрын зиялы қауымның тікелей араласуымен Наурыз мейрамы Алматыда қайта түлеп, жалпыхалықтық сипатқа айналғанын ел есінен шығарған жоқ. Сондықтан,  22 наурыз күні қаламгерлер мерекелік шараның төрінде отырады. Өйткені, олар бабалар салтын тірілтуді Кеңес үкіметі кезенде биліктің алдына ашып қойып, оны қайта жаңғыртты.

Ал, «Астана» алаңына жиналған көпшілік қолөнер шеберлері жасаған туындыларды тамашалады. Өйткені, мегаполисте ұсталардың көзмайын тауысып жасаған дүниелерін мерекелік сыйлық ретінде жақындарына тарту ету дәстүрге айналып келеді.

Нұрлан Асқарұлы

Хабарламаларға жазылу