«SAGI» мобильді қосымшасы халық игілігіне айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«SAGI» мобильді қосымшасы халық игілігіне айналды

30.11.2020

Сыйлық алуға ыңғайлы «SAGI» мобильді қосымшасы кәсіпкерлер мен тұтынушылардың игілігіне айналып үлгерді. Онлайн жүйе қыркүйектен бастап жүзеге асқан. Қазірдің өзінде жоба авторы жүздеген бизнес өкілдерімен келісім жасаған. Жобаның ерекшелігі сол - телефоныңызға «SAGI» қосымшасын көшіріп алып, жақындарыңызға онлайн сыйлық жасауға мүмкіндік бар. Тауарға сертификат түрінде немес заттай тапсырыс беріп, сілтемесін әлеуметтік қосымшалар арқылы электронды нұсқада жіберуге болады. Қосымшаны қазір елордамен қоса Алматы, Қарағанды қаласының тұрғындары пайдалануда. Қазірдің өзінде жоба 1,3 млн долларға бағаланған. Осылайша инвесторлар тарапынан 260 мың доллар көлемінде инвестиция тартылған. Цифрлы платформаға қазір өзге де инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Оның арасында Forbes тізіміндегілер де бар. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу