Теңге нығайып келеді

25.11.2020

Елімізде осымен үшінші күн теңге нығайып келеді. Апта басынан бері төл ақшамыз долларға шаққанда 6 теңгеге өсті. Сарапшылар бұған әдеттегідей мұнай бағасының өсуі себеп дейді. Брент маркалы қара алтынның баррелі 48 доллардан асты. Мұндай баға соңғы рет наурыз айында болған. 

Сонымен қор биржасындағы сауда-саттық нәтижесі бүгін мынадай. АҚШ ақшасы - 422 теңге 80 тиын, еуро - 505 теңге, рубль - 5 теңге, 60 тиынға тең.

Досжан Маратұлы  


Теңге

Хабарламаларға жазылу