Теңге нығайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге нығайып келеді

03.09.2021

Ал Ұлттық валютамыз қатарынан бірнеше күн бойы нығайып келеді. Бүгін теңге долларға шаққанда екі теңгедей нығайды. Қазір бір доллар 424 теңге 50 тиын, еуро - 501, рубль - 5 теңге 80 тиын. Экономика сарапшылары жыл соңына дейін қаржы нарығында айтарлықтай өзгеріс болмайды деп болжап отыр. Айтуларынша, теңге долларға шаққанда 425-428 теңге көлемінде сақталуы тиіс. Ал жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,5-4 пайыз шамасында болмақ. Бұған негізінен эпидахуалдың жақсару және мұнай бағасының тұрақтылығы әсер етпек. Қазір Бренттің бағасы 72 доллар шамасында. 

Хабарламаларға жазылу