Түркістан облысында көкпар мен той ұйымдастыру тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында көкпар мен той ұйымдастыру тыйылмай тұр

25.11.2020

Түркістан облысында карантинге қарамастан тұрғындар көкпар ұйымдастырып, той өткізуді тоқтатар емес.

Отырар ауданының полицейлері карантиндік талаптарды бұзып, көкпар ұйымдастырған тұрғынды әкімшілік жауапқа тартты. Қарғалы ауылдық округіне қарасты Қанттоғай аумағында ол «Бата көкпар» өткізген болып шықты. Мобильдік топ бірден шоғырланған адамдар тобын қызметтік көліктерімен қуып, тарқатуға тырысты. Алпыстан аса адамды жинаған көкпар ұйымдастырушысы енді заң талаптарына сай айыппұл төлейтін болды.  

Ал, Мақтаарал ауданында карантин талабын сақтамаған 270 азамат анықталған. Атакент ауылында орналасқан тойханаларда той тоқтамайтыны да белгілі болды. Мобильді топтардың мүшелері той иелері мен және тойхананың әкімшілік қызметкерлеріне айыппұл салып, талапқа бағынбаған салтанат сарайларын жабу мәселесін қарастыратын болды.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу