Коронавирустан жазылғандар қалай күтінуі керек - дәрігер кеңесі
Эпиджағдай тұрақталғанша қол беріп амандасудан аулақ болған жөн. Суықтап қалудан да сақтанып жүрген абзал. Себебі қауіпті вирусқа тұмау мен жедел респираторлы инфекция қосылып, ахуал күн сайын өршіп барады. Осылай деген дәрігерлер арқаны кеңге салуға әлі ерте екенін айтып, көпшілікті босаңсымауға шақырды.
Ұлжан Апбасова, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасы инфекция бөлімінің меңгерушісі:
60-тан асқан кісілерге көпшілік жерлерге бармауға кеңес береміз, қажет жағдай болмаса, үйден шықпауға тырысу керек. Қолды залалсыздандыру қажет. Вирус қазір әлі жоғалған жоқ. Керісінше өршіп жатыр. Сондықтан барлық халықты санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауға шақырамыз.
Гүлжан Сейтқазина, Алматы қалалық №24 емхананың инфекционист дәрігері:
Вирус адамның иммунитетін әлсіретеді. Сондықтан ағзаға кез келген бактерия, вирусқа төтеп беру қабілеті әлсірейді. Дерттен айығып шыққанның өзінде науқастар басқа ауруларға шалдығу қаупі жоғары. Ең алдымен иммунитетті қалпына келтіру қажет. Профилактикалық массаж, шынықтыру, су процедураларын қабылдауға болады. Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Артемида-2» миссиясы: Айды игерудің жаңа дәуірі басталды
12.04.2026, 20:13
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала мерт болды
12.04.2026, 20:11
Балабақшаны ваучерлік қаржыландыру тиімді ме?
12.04.2026, 20:00
Интернет алаяқтық: Кең тараған схемалар мен сақтану жолдары қандай?
12.04.2026, 19:57
АҚШ-Иран: Келіссөз келісімсіз аяқталды ма?
12.04.2026, 19:56
Президент Құрылтай сайлауының тамызда өтетінін хабарлады
12.04.2026, 19:54
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары: Қандай шешімдер қабылданды?
12.04.2026, 19:50
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23