Коронавирустан жазылғандар туралы жеке мәліметтер жарияланбайды

26.03.2020

Коронавирустан жазылғандар туралы жеке мәліметтер жария етілмейді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Министр, сондай-ақ, қашықтан оқыту мәселелерінің мейлінше пысықталып жатқанына тоқталды. Алдағы уақытта халыққа ыңғайлы болу үшін онлайн қызметтер қатары да арта түспек.   

Короновирус жұқтырған азаматтардың алды жазылып, бүгін ауруханадан шыға бастады. Олар Алматы мен Нұр-Сұлтанда емделген. Бірақ сырқатынан айыққандардың аты-жөні айтылмайды. Дәрігерлік құпия.

Ал елдегі халыққа қызмет көрсету орталықтары толық жабылды. Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын e.gov сайтынан алуға болатынын айтты министр. Онлайн қызметтердің қатары әлі де көбейеді. Отандық өндірушілер үшін тауарларды конкурс өткізбей-ақ сатып алуға рұқсат берілді. Осылайша, қазақстандық компаниялар үздіксіз жұмыс істейді әрі бюджетке салық уақытылы түседі. Ал ең бастысы бұл қолдау кәсіпорындарға қызметкерлерін қысқартпауға көмектесетінін айтады ведомство басшысы.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу