Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

23.11.2020

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі жоғары қарай көтеріліп бара жатқанда, көктайғақтан аударылып кеткен. Сол сәтте жүргізуші көліктен құлап, техниканың астында қалып қойған. Алған жарақатының салдарынан оқиға орнында көз жұмған ол жұмысқа екі күн бұрын ғана қабылданған екен. Полиция департаменті оқыс оқиғаға қатысты тексеру бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Нұрхан Нұрланұлы


Алматы жүк көлігі

Хабарламаларға жазылу