Нұр-Сұлтанда 16 мың азаматтың 49 млн теңге салық өсімпұлы кешірілді

20.11.2020

Бұл жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясы бойынша іске асып отыр. Рақымшылық басталғалы астанада жеке меншіктің салығы 1,1 млрд теңгеге жуық. Оның өсімпұлы 447 млн теңгеге жеткен. Әкімдік өкілдері негізгі салық толық төленген жағдайда ғана өсімпұлдың кешірілетінін айтады. Ал рақымшылық жер салығы, мүлік пен көлік салығына қатысты. Өсімпұлды есептен шығару келесі жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады.   

Ақерке Бектас 


Нұр-Сұлтан салық өсімпұлы

Хабарламаларға жазылу