Брюссельде коменданттық сағат ұзартылды
Бельгия астанасы Брюссель мен елдің Валлония аймағында коменданттық сағат желтоқсанның ортасына дейін ұзартылды. Індеттің таралуына тосқауыл қою үшін биліктегілер осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған. Елдегі соңғы ахуалды бізбен Брюссельден байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
- Бельгияда жалпыұлттық оқшаулану қарашаның 1-де жарияланған болатын. 13-ші желтоқсанға дейін мейрамхана, кинотеатр, сауда орындары жабық. Қазір тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар ғана жұмыс істеп тұр. Десе де осы аптада елде ковид жұқтырушылар мен індеттен қайтыс болушылардың саны 24 пайызға азайған. Дегенмен, вирусологтар арқаны кеңге салуға әлі ерте деп отыр. Сол үшін Брюссель қаласы мен Валлония аймағында комменданттық сағат тағы бір айға ұзартылды. Яғни, кешкі сағат 10-нан таңғы 6-ға дейін тұрғындарға себепсіз үйден шығуға болмайды.Алғашқы толқын кезінде халықтың жауапкершілігі жоғары болып еді, ал екінші толқын басталғалы ережеге бағынбайтындар көбейген. Жасырын туған күн, кеш ұйымдастырып, комменданттық сағатты бұзуға қатысты 13 мың адамнан айыппұл өндірілген. Айыппұл мөлшері адам басына 250 еуро. Эпидемиологтар алдағы Рождество мерекесінен сескеніп отыр. Олар егер «халық карантин ережелерін сақтамаса, онда үшінші толқынға тап боламыз» деп дабыл қағуда.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06