«Adal» және «Қазақстан халық партиясы» сайлауға қатысуға жіберілді
Орталық сайлау комиссиясы «Adal» және «Қазақстан халық партиясының» үміткерлерін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысуға жіберу туралы қаулы қабылдады. Жақында ғана атауын өзгерткен екі партия республикалық және өңірлік деңгейде қайта тіркелген. Ал, «Adal» партиясы Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы филиалын есептік тіркеуден өткізді. Осыған дейін партияның бұл өңірлерде сайлауға қатысуға рұқсаты болмаған еді.
Асылбек Смағұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:-«Adal» саяси партиясының және «Қазақстан халықтық партиясының» барлық филиалдары 14 облыстағы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы әділет органдарындағы есептік қайта тіркеуден өтті.
Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігі сайлауға байқаушы ретінде қатысу үшін 11 халықаралық ұйым мен 25 шет мемлекеттің Орталық сайлау комиссияларына шақырту жіберген. Бүгінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан 29 байқаушы ұсынылған.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05