Атырауда 2 жастағы баланы ит талап тастады
Атырауда аңға салатын ит 2 жасар баланы талап тастады. Оқиға қала іргесіндегі «Жұлдыз 2» ықшам ауданында болды. Куәгерлердің айтуынша, қабаған ит сәбидің басынан тістеп сүйрей жөнелген. Баланы ата-анасы құтқарып қалды. Сәбидің басы мен қолына зақым келген. Қазір ол ауруханада жатыр. Полицейлер иттің иесін тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Айгерім Айынғазиева, тұрғын:Ит үстінде отыр. Өзіме қарай ырылдап тұрды. Үйден қолыма түскені балға болды. Балғаны алып, итке қарсы жүгірдім. Баламды құтқаруым керек қой.
Жақсылық Мағзомов, облыстық балалар ауруханасының дәрігері:Баланың жағдайы ауыр болды. Сол жерден жарасы жуылып-шайылып, тазартып, тігілді. Бірінші көмек көрсетілді балаға. Баланың қазіргі жағдайы орта дәрежеде. Емін алып жатыр.
Ал, Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында кішкентай қызды талаған ит көршінің алабай тұқымдас иті емес екен. Бүгін облыстық Полиция департаменті мұны жоққа шығарды. Еске сала кетейік, Сәтбаевтағы саяжайда осыдан бес күн бұрын 6 жасар қызды бұралқы иттер талап өлтірген болатын.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02