Мемлекет басшысы АӨСШК хатшылығының Атқарушы директорын қабылдады

17.11.2020

Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады. 

Тараптар кеңеске біздің еліміз төрағалық ететін алдағы екі жылдағы жоспарларды талқылады. 2022 жылы Қазақстанда өтетін Азия кеңесінің VI саммитіне дайындықты пысықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін арттыруға назар аударса, Қайрат Сарыбай кеңес құрылғаннан бері беделді де белсенді ұйым ретінде қалыптасқанын атап өтті.


Мемлекет басшысы Қайрат Сарыбай АӨСШК

Хабарламаларға жазылу