Қазақстан Қырғызстанға 2 млн бетперде мен 400 ӨЖЖ аппаратын жібереді

17.11.2020

Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін гуманитарлық көмек көрсетеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен көрші елге медициналық бұйымдар жіберіледі. Атап айтқанда, 400 өкпені жасанды желдету аппараты мен елімізде өндірілген 2 миллион маска жеткізіледі. Шешім қырғыз тарапының ресми түрде көмекке жүгінуіне байланысты қабылданды.

Амангелді Сейітхан

коронавирус гуманитарлық көмек

Хабарламаларға жазылу