Балалардың кітап оқу мәдениеті қай деңгейде?

15.11.2020

«Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды», – деген Президент, жақында өткен Ұлттық кеңес отырысында. 

Иә, әрбір ауылдың, әрбір мектептің, тіпті кейбір үйдің кітапханасы болды. Бауырларыңмен таласып, жарысып кітап оқу. Адамның өмір бойы ұмытпайтын және сиқырлы, жанға жайлы күйге түсіретін таған дүниелер бар ғой, соның бірі дер едік.

Кітап қоры, жаңа әдебиетпен толтыру бөлек әңгіме. Дегенмен қазір адамдар, балалар кітапхана бара ма? Жалпы, кітап оқу мәдениеті қай деңгейде? Балаға кітап оқытудың сыры неде? Өзің не істесең, балаң да соны істейді, істемесең, балаң да істемейді деген қарапайым қағидаға сай - ата-ана кітап оқыса, баласы да кітап оқиды. Ал ата-анасының қолынан смартфон түспесе және парақтайтыны тек әлеуметтік желілер болса, бала да тура соны қайталайды.Ақерке Бектас кітап оқыта алатын да, оқыта алмайтын да ата-аналармен сөйлесті.  

Әдеби шығарма адамның танымын, пайымын, сана көкжиегін кеңейтіп, тіпті тұлға болуына септесетін құрал, дегенді ғана қосамыз.


кітап Бала

Хабарламаларға жазылу