Қазақстанда ғарыш кешенін дамыту үшін Франция 202 млн доллар жұмсамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ғарыш кешенін дамыту үшін Франция 202 млн доллар жұмсамақ

13.11.2020

Елімізде ғарыш кешенін дамыту үшін Франция 202 миллион доллар жұмсамақ. Бұл қаржыға Нұр-Сұлтанда ғарыш аппараттарын құрастыру мен сынауға арналған кешен бой көтереді. Қазір құрылыс басталған. Орталық 2022 жылы пайдалануға берілуі тиіс. Сөйтіп Францияның тапсырысы бойынша ғарыш қондырғыларының бөлшектері елімізде шығарыла бастайды. Қосымша мыңдаған жұмыс орны ашылмақ. Бұл отандық ғарыш саласын жаңа белеске көтеруге мүмкіндік береді дейді мамандар.  

Досжан Маратұлы  


Қазақстан ғарыш кешені Франция

Хабарламаларға жазылу