«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

13.11.2020

«Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Баспа, радио және интернет журналистикасын қамтыған дүбірлі додада «Жылдың үздік газеті» сыйлығы Жамбылдың «AQ JOL» газетіне берілсе, «Жылдың үздік журналы» аталымында «Жұлдыз» журналы жеңімпаз деп танылды.  

Биыл алғаш тағайындалған Шерхан Мұртаза атындағы номинация белгілі журналист, Ұлттық арнаның бас редакторы Қайнар Олжайға бұйырды. «Радиостанциядағы үздік жоба» аталымы «Atyray» радиостанциясының «Эфирде 102 FM» бағдарламасына бұйырса, TengriNews порталы «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» аталымында жеңімпаз болды. Ал «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Гүлбаршын Сабаева «Жылдың үздік сұхбаты» аталымында топ жарды. Жалпы 11 аталым бойынша үздіктер марапатталды. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Биыл бұл байқауға барлығы 470 өтініш түскен.  

Әуесбайдың Қанаты, «Atyray» телерадиоарнасының директоры: 
-«Atyray» радиосының 82 жылдық тарихы бар. Ұлттың үнжариясы, үналғысы, шежірешісі. «Қазақ радиосының» Атырау облысындағы заңды мұрагері, бел баласы деп атаймыз. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы аталған үлкен алып кеменің ортақ жемісі, ортақ жеңісі деп ойлаймын.  

Дарын Сағитов  


Үркер-2020 жеңімпаз журналистика Шерхан Мұртаза номинация Ұлттық арна Қайнар Олжай

Хабарламаларға жазылу