«Үркер» сыйлығының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үркер» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

28.06.2019

Үркердің үздіктері. Бүгін – журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне орай, баспасөз, радио және интернет-журналистика саласының мамандарына  «Үркер» ұлттық сыйлығы  табысталды. Үшінші рет ұйымдастырылып отырған шара, биыл 11 номинация бойынша яғни, жыл репортажы, жыл сараптамалық материалы, жыл журналистік сұхбаты сынды атаулар бойынша жүзден жүйріктерді анықтады. Сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін саралау және шығармашылық адамдарының елеулі еңбегіне қоғам назарын аудару. Әрбір жеңімпаз 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен дәстүрлі естелік мүсінге ие болды.  

 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

 

Хабарламаларға жазылу